Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл қолдануға ыңғайлы, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер мен тәсілдер.
Мектептің әдістемелік тақырыбы «Білім беру сапасын инновациялық технологиялар негізінде арттыру» болғандықтан, менің әдістемелік тақырыбым «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасаймын. Бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артады деп ойлаймын. Білім берудің заманауисапасына жету және білім беру жүйелерінің инновациялық дамуы заман талабы деп табылады. Білім беру саласындағы жаңғырту дәстүрлі оқытудан барлық прогрессивтік әлеуметтік өзгерістермен теңесетін қазіргі оқытуға көшу үдерісін білдіреді.