Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуге қажетті формуланы оқушылар эксперимент арқылы өздері таба алады. Әр топ тіктөртбұрышты А4 қағазын алады. Оқушыларға қарындаш пен сызғыштың көмегімен өз пішіндерінде диагональ салып, пішінді диагональ бойынша екіге бөлуді тапсырыңыз. Қандай екі пішін пайда болғанын сұраңыз. Үшбұрыштардың біреуін қарастыруды тапсырыңыз. Үшбұрышта қанша тікбұрыш бар екенін сұрау
Егер үшбұрыштың бір ұшы тікбұрышты болса, онда ол тікбұрышты үшбұрыш деп аталатынын айтыңыз. Қалған екі бұрыш қандай екенін сұраңыз. Қалай ойлайсыңдар, үшбұрышта екі тікбұрыш бола алады ма? Бірінің үстіне бірін қойып көру арқылы екі үшбұрыштың тең екеніне оқушылар көз жеткізулері керек. Демек, диагональ төртбұрыштыөзара тең үшбұрыштарға бөлгені айқын. Оқушылардан тікбұрышты үшбұрыштың ауданын қалай табуға болатынын сұраңыз. Егер осы екі үшбұрыштардың ауданын табу керек болса, оны қалай табуға болатынын сұраңыз. (Тіктөртбұрыштың ауданын екіге бөлу керек)