1(a) Реакция нәтижесінде сілті және сутек газын түзе отырып бөлме температурасында сумен әрекеттесетін
металдар қатарын көрсетіңіз.
A) K, Na, Zn В) Mg, Zn, Cu В) Na, Li, K D) Fe, Mg, Ag
(b) Белсенділігі орташа металдар сумен тек қыздырғанда (немесе су буымен) әрекеттеседі. Мырыш мысалға
алып су буымен реакция теңдеуін жазыңыз.
2. Археологиялық қазбалар кезінде табылған артефактар: мыс, күміс, темірден жасалған бұйымдар берілген.
(a) Мыстан және күмістен жасалған артефактардың осы күнге дейін сақталу себебін түсіндіріңіз.
(b) Темірдің тоттануына әсер еткен факторларды атаңыз.
3(a) Сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттесетін металдар жұбы.
A) алюминий, магний В) темір, күміс С) алтын, мырыш D) күміс, сынап
(b) 3(а) тапсырмадағы таңдап алынған металдар жұбының сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен реакция
теңдеуін жазып, теңестіріңіз.
«Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Полная версия материала