Материалдық өндірістің басқа салаларына қарағанда көлік жаңа өнімді шығармайды, олардың санын көбейтпейді, тек өнімді бір өндіріс орнынан екінші тұтыну орнына тасымалдайды. Нәтижесінде тасымалданатын өнімнің құны оның тасымалдау көлеміне қарай өседі.
Локомотив шаруашылығының ең басты мақсаты - локомотив бригадалары мен жылжымалы тасымалдау құрамасының жүкті тасымалдау жұмысының уақытылы, тұрақты және сапалы болуын, сондай-ақ жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету, пойыздар қозғалысының графигін қадағалау және қауіпсіздігін сақтау болып табылады.