Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде мемлекет қорғайды.
Ұлттық мұрағат қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиiстi мұрағат құжаттары да жатады. Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiн қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға қызмет етедi.