Пәні: Математика
Сыныбы: 5 а
Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
1) Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды үйрету;
2)Оқушылардың әр топ бойынша бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
Дамытушылық:
1) Әр түрлі әдістер негізінде танымдық қызығушылығын;
Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін дамыту .
Тәрбиелілік: Шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу, қазақтың ат спортын дәріптеу арқылы ұқыптылыққа, байсалдылыққа және белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі : алған білімді нақтылау, қорытындылау сабағы.
Сабақ көрнекілігі : жылқы суреті, тірек-схема, дөңгелектер, ватман, үлестірмелер, тест тапсырмалары, есептер жазылған топшамалар, бағалау парағы, стикерлер, смайликтер салынған плакат, видео-роликтер.
Әдіс-тәсілдер: топтастыру, кластер әдісі, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқушымен жұмыс, практикалық, рефлексия.