Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Көкпар ойыны туралы мәлімет беру; сөздік қорларын молайта отырып, олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Барысы:
1-жүргізуші : Қайырлы күн, қасиетті ел! Армысыздар, бүгінгі кешімізге жиналған барша ағайын!
2-жүргізуші :
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Кешімізді бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай халық. Қазақтың бірнеше салт-дәстүрі мен ғұрыптарын атап өтсек.