Мақсаты – Баққожа Мұқай шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жазушының шығармашылығындағы ұлттық идеяның кейіпкер болмысымен суреттелуін айқындау. Осы бағытта жарық көрген еңбектерге сүйене отырып, қаламгер шығармашылығы туралы, қазақ әдебиетіндегі зерттеулерге ой қосып, білім алушыларға өз ойларын зерделету.
Көркем туындыларына ұлттық өмірдің шындығын арқау етіп, сол ақиқаттың бейнесін көркем суреттеген талантты қаламгер – Баққожа Мұқайдың жазушылық көркемдік ойлау ерекшелігі, ұлт психологиясын жанымен түйсіне отырып шығарманың өн бойына дарыту қасиеті оның көркем дүниелерімен таныс әрбір оқырманға белгілі. Автор туындыларының табиғаты өткен күн мен бүгінгі күн арасын салыстыра отырып, салмақтай келе болашақты бағдарлай білетіндігімен бағалы
Қазақ прозасында өзіндік орны бар Б. Мұқай әңгіме жанрының шеберлігін жетік білген сөз зергерінің бірі. Шағын әңгімелері арқылы жазушы өзінің үлкен концепциялы суреткер екенін таныта білді. Қаламгер әңгіме саласында да нақты өмір шындығын суреттеп, сол арқылы терең азаматтық ойлар, философиялық толғамдар айта білді