Мұғалім «Бір қадам алға» әдісі бойынша оқушылардың назарын сабаққа аударады (есіктен бастап үстелге дейін өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды, әр дұрыс жауап сайын бір қадам ілгері, ал қате жауап сайын бір қадам кейін жылжиды):
- Вектор дегеніміз не?
- Екі вектордың қосындысы деп нені айтамыз?
- Қандай векторды бірлік ветор деп атаймыз?
- Нөлдік вектордың кез келген санға көбейтіндісі неге тең?
- Екі вектордың коллинеарлық шарты қандай?
- Вектордың координаталары қалай анықталады?
- Бірлік веторды басқаша қалай атауға болады?
- Координаталары арқылы берілген векторының ұзындығы қалай табылады?
- Екі ветордың скаляр көбейтіндісі дегеніміз не?
- Перпендикуляр векторлардың скаляр көбейтіндісі неге тең?
- ҚБ: әр дұрыс жауап сайын мадақтама сөздер айтып, ынталандыру
Үстелге жеткен соң оқушылармен бүгінгі сабақтың мақсатын анықтап аламыз.