Қазіргі уақытты ағылшын тілін үйрету оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеті мен коммуникативті қызметіне оқыту тұрғысынан қаралады. Жаңартылған оқу бағдарламасына сай барлық жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу мақсатында үш тілде оқыту жүзеге асырылмақ. Әлемдік экономикаға бірігуге қажетті көлемде оқытуды талап ететін ағылшын тілінің қазақстандық қауымдастықтың лингвокоммуникативтік кеңістігіне белсенді еніп келе жатқаны да, қазіргі кездегі тілдік жағдайды күрделендіре түсті. Үш тілде білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты – қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда: ағылшын тілін әлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде үйрену. Білім процесінде барлық үш тіл (екінші және үшінші тілдер, яғни, қазақ тілі (Т2), орыс тілі (Т2), ағылшын тілі (Т3) бәсекелестікте емес, бірлікте дамуы тиіс. Осыған орай, мақсатты тілдерді деңгейлеп оқыту. Бұл – мақсатты үш тілде оқыту CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері: меңгеру, оқыту, бағалау») деңгейлік оқыту моделіне сәйкес жүргізілетінін және білім жүйесінің барлық деңгейлерінде бірлік, сабақтастық және үздіксіздік қамтамасыз етілетінін білдіреді. Үш тілде білім берудің қазақстандық моделі CEFR-дің аналогы емес, бірақ бұл құжат негізге алынып және оның идеялары мен негізгі ережелері ұлттық білім беру жүйесінің нақты жағдайларына бейімделеді[1; 33б.].
Жаңартылған білім беру аясында жалпы білім беру мектептерінде ағылшын сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Полная версия материала