Біріншіден, топтасып алайық. Екіншіден, топтық жұмыс деген не?
Топтық жұмыс-белгілі бір нәтижеге бағытталған, белгілі бір мақсатты, жағдайды шешу үшін құрылған әдіс-тәсілдердің бір түрі.
1.Топтық жұмыстар үйренушілерге бірлік,бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғарады.
2.Бірлескен жұмыс барысында топ мүшелері өзара қарым-қатынасқа негізделген әрекеттерді атқарады.
3.Топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.
4.Оқушылар өмірде «МЕН» қағидасынан гөрі «БІЗ» тұжырымының анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады.