Сабақтастық білім беруде:
*Балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
*Білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп);
*Біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі. Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.