Бұл балабақшадағы ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.
Мақсаты: Отбасы мүшелерін атай алуға, ә, і, ұ, қ дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері.
Қажетті құрал –жабдықтар: үлестірмелі материал.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: балалармен бос уақыт кезінде әңгімелесу.
Сөздік жұмысы: менің отбасым –моя семья, ата –дедушка, әже –бабушка, әке –папа, ана(шеше) – мама, аға – старший брат, іні – младший брат, қарындас – младшая сестра (мальчику), сіңілі - младшая сестра (девочке).