Кіріспе: Cудың кермектігі — құрамында кальций (Са 2+ ) мен магний (Мg 2+ ) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті. Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO 3 ) және карбонаттық (СО 3 2~ ) тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады
Құрал – жабдықтар: Өлшемді цилиндр (100 мл), конус құты (250–300 мл), өлшеуір (25 мл), сынауықтар; қызыл сары метил индикатор (0,02%-ерітінді), 0,1 М. НNO 3 ерітіндісі, 1 x 1 x 1 см көлемді кір сабын кесегі.