- Жанар Нұрғали 1974 жылы Ырғыз ауданының Нұра ауылында дүниеге келді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1999 жылы Ақтөбе облысы, «Ырғыз» аудандық газетінде журналист болып бастап, кейін осы газетте бөлім меңгерушісі болған. 2000-2003 жылдары Ақтөбе қаласынан шыққан республикалық тәуелсіз «Алтын Орда» апталығында тілші, жауапты хатшы болып қызмет атқарды. 2003-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасында тіл маманы, Ақтөбе қалалық «Керек.info» газетінде журналист, редактордың орынбасары, шеф-редактор, «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті аудандық қосымшаларының аға редакторы қызметтерін атқарды.
2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ҚР Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған.
2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Парламенті жанындағы уақытша арнайы сараптама тобының мүшесі болды.
Ұлттық, экономикалық, әлеуметтік тақырыпта жазған көптеген мақалалары республикалық «Жас қазақ», «Жас алаш», «Жас қазақ үні», «Дала мен қала» басылымдарында, Қызылорда облыстық «Сыр бойы», Арал аудандық «Толқын» және аудандық «Ырғыз», облыстық «Ақтөбе» газеттерінде, сонымен бірге abai.kz ақпараттық және «әдебиет.кз» порталдарында жарияланды. Өлеңдері «Толқынды толқын қуады», «Гүл - ғұмыр», «Аңсау» атты ұжымдық жыр жинақтарына, «Жәдігер» атты Ақтөбе ақындарының антологиясына енген.