Таза тақта.
Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.
Ыстық орындық
Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды. Кей жағдайда ыстық орындыққа мұғалім де отыруға болады.