Қазақ тілі сабақтарында өлкетану материалдарын қолданудың тиімді жолдары
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - отансүйгіш азаматты тәрбиелеу.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатымен қазақ тілі сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану – оқытушының басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Оқушылардың туған өлкеге, туған қаласына, Отанына деген азаматтық тұрғыдағы көзқарасын тәрбиелеу – жауапты міндетіміз. Осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында қазақ тілі сабақтарында келесі тақырыптар негізінде сабақтарды өткізуге болады:
-
Өлкеміздің географиялық жағдайы:
-
Өлкеміздің табиғаты;
-
Өлкеміздегі халықтың ұлттық құрамы;
-
Аймақтың экологиялық жағдайы.
-
Өлкеміздің экономикасы;
-
Ауыл шаруашылығы;
-
Ұлы адамдар өмірі, шығармашылығы;
-
Осы аймақта тұрып жатқан ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері;
-
Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясы;
-
Ғылымның, спорттың, мәдениеттің дамуы;
-
Олардың есімдерімен көшелер атанған;
-
Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан Кеңес Одағының батырлары;
-
Өлкеміздің тарихи ескерткіштері;
Мұғалімдердің мақсаттары мен міндеттеріне тоқталсақ, оларды былай деп белгілеуге болады:
- Оқушылардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасы мен
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын орындау мақсатымен
оқушыларға азаматтық тәрбие беру;
- Өз өлкеміздің тарихы, әдебиеті, экологиясы, өнер қайраткерлері жайында
түсінік беру, мәліметтер жинақтау;
Бағдарламада көрсетілген тақырыптар бойынша сабақты дайындау барысында қажет материалдарды жинақтаймыз. Әдеби материалдар оқушыларға қызықты тақырыптар төңірегінде топталады:
-
«Солтүстік Қазақстан облысының қалалары (Петропавл, Сергеевка, Булаев, Мамлютка)»,
-
«Облысымыздағы өзен, көлдердің тарихы»,
-
«Менің қалам»,
-
«Біздің қала туралы өлеңдер, әндер»,
-
«Облыстың белгілі адамдары»,
-
«Туған өлке туралы әңгімелер»,
-
«Өлкеміздің тарихи ескерткіштері»,
-
«Абылайхан резиденциясы»,
-
«Мәдени ошақтар»,
-
«Қаланың көрнекті жерлері»,
-
«Облысымыздың құрметті азаматтары, мәдениет қайраткерлері»,
-
«Білім ордалары», т.б.
Біздің өлкеміздің экологиялық жағдайы туралы айтқанда келесі тапсырмаларды орындаған пайдалы болады: Мәліметпен танысыңыздар. «Қоршаған ортаны қорғау және халықтың денсаулығы»: Ауа бассейінін, су қоймалары мен топырақты, жер үсті және жер асты суларының гидрологиялық режимін сақтау бойынша, қала маңындағы ауа бассейнін, су қоймалары мен топырақты, қала маңындағы және ауылдың табиғатын қалпына келтіру және оларды көгаландыру, т.б. бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
«Облысымыздағы экологиялық проблемалар жөнінде». Қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекетінің салдары өте зор. Кейде олар адам өмір сүріп отырған ортасын өзгерту ғана емес, сол ортадағы биологиялық индивид түрінде адамды жойып жіберуге дейін барады.
Облыстың өте маңызды экологиялық проблемаларынына атмосфералық ауаның ластануы жатады. Ауадағы лас адам денсаулығына ғана емес, сонымен бірге өсімдік, жануарларға да зиянын тигізеді. Топырақтың ластануы бірнеше жағдайда болады: ауа арқылы, өнеркәсіптік қатты және сұйық зат қалдықтары мен қоқыстарынан, ауыл шаруашалық өндірісі мен көліктен болады. Облыста атмосфераны ластайтын 500-ден астам кәсіпорын мен ұйым орналасқан. Ауаны ластайтын 3000-нан астам тұрақты орын тіркелген, оның ішінде - 2740 ұйымдастырылған орын. Облыс
аумағында ұзақ уақыт бойы 3 уран өндіретін кәсіпорын және геология-барлау экспедициясы жұмыс істейді.