Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақ тілін үйренуге, оны құрметтеуге баулы, олардың ауыз екі сөйлеу тілін танымдық ойындар, сұрақ-жауап арқылы дамыту, балаларды туған жерін, тілін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Проектор, тақырыптың жоспары, деректі фильм, құмсағат, жетон, топтың атауы, диплом.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің сөзі. Толерантность туралы мәлімет.
Сұрақтар
(қатысушыларды аңықтауға арналған сұрақтар)
1.Мемлекетіміздің басты заңы. (Конституция)
2.Қазақстанның астанасы (Астана)
3. Қазақстанның ең үлкен өзені (Ертіс)
4. 16 желтоқсан қандай күн (Тәуелсіздік күні)
5. Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті (Қаныш Сәтпаев)
6. Қазақ ертегілерінің кейіпкері (Алдар Көсе)
7. Павлодар Мемлекеттік университеті және облыстық кітапхана кімнің атында?(C.Торайғыров)
8. Бие сүтінен жасалған сусын (Қымыз)
9. Мұғалім сөзінің синонимы (Ұстаз)
10. Ұлттық валюта күні қашан?
12. «Кел, балалар, оқылық...» өлең жолдарының авторы (Ы.Алтынсарин)
І Жүргізуші: Сонымен интеллектуалдық ойынға қатысатын балалар анықталды. Қолдарыңдағы жетонның түсіне қарай қатысушылар екі командаға бөлінеді. «Сұңқарлар» және «Қырандар» тобы. Енді әділ қазылар алқасының мүшелерімен таныстырамыз.
Содан соң сайыскерлерге ойын шарттары түсіндіріледі. Сайыс 5 ұпаймен бағаланады.
ІІ Жүргізуші: Сайысымыз 5 турдан тұрады:
Бірінші тур - Жұмбақ шешу «Полиглот» .
Екінші тур – Көркемсөз сайысы.
Үшінші тур – Жорға сайысы.
Төртінші тур – «Менің сүйікті қазақ тілім»
Бесінші тур – Мақал-мәтел жарысы.