Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушылардың сөз құрамы туралы білімдерін қайталай отырып, сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау, білімдерін тиянақтау.
Ә) Дамытушылығы: Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып дамыту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, тез ойлауға баулу.
Сабақтың түрі. Қайталау сабақ
Сабақтың әдістері: Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, стикер, смайликтер,қыс мезіліне байланысты бір қатар көрнеліктер.