Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақ тақырыбы: «Сиқырлы математика әлеміне саяхаттау»
Мақсаты:
- Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге үйрету.
- Оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.