Өндірістік оқыту сабақтарында Француз шеберханалары әдістемені практика жүзінде қолдану.
Педагогикалық /Француз/ шеберханалар технологиясы
Педагогикалық шеберхана – француз педагогтар ұсынған оқыту жүйесі.Жаңа білім беру топ мұғалімдері (ЖФЕН) ХХ ғасырдың 20-шы жылдары құрылды. /Ол Ж.-Ж.Руссоның, Л.Толстойдың, С.Френнің, Ж.Пиаждың, К.Роджерстің, Л.С.Выготскийдің ізгілік психологиясының еркін тәрбие идеяларына негізделген. /
Мақсаты: Баланы оқыту мен дамытудың жүйесіне нәтижелі әдістерді енгізу
Шеберханада ең бастысы ақпаратты хабарлау және игеру емес, жұмыс тәсілдерін үйрету.
Білім алушылар үшін негізгі мақсатты бағдар жеке - өзін дамытуға, өзін және әлемдегі өз орнын сезінуге, басқа адамдарды түсінуге мүмкіндік беретін құралдарды беру болып табылады.
Шеберхананы өткізу мақсаттары:
оқытушылығы: проблемалар қоя білу дағдыларын оқытуға;
дамытушылығы: креативті шеберлікті дамыту;
тәрбиелілігі: шығармашылық қабілеттілігіне деген өзінің сенімділігін арттыруға тәрбиелеу.