Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Халық әндері мен патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындау арқылы жас ұрпаққа үлгі, өнеге көрсету.
Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу.
Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.Сайыстың жүру тәртібі;1. Ұйымдастыру. 2. Әже мен немерені таныстыру3. Әділ қазылар алқасын таныстыру4. Сайыстың шарттарымен таныстыру5. Сайысты қорытындылау.Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар сүйкімді қыздар келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!Бүгін наурыздың сегізі,Сұлулықтың негізіӘдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі - деп біздің балабақшаға қош келдіңіздер!Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Әжелер мен немерелер өнері» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Әже деген көп шығарӘжемдей менің жоқ шығарМейірімді ол кісіҚандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!