Жобалап оқыту XX ғасырдың АҚШ-тың халықтық мектептерінде пайда болды. Оның негізін салушы Джон Дьюй. Оның айтуы бойынша: «Жобалық оқыту әдісі – оқыту үрдісінде өнімді оқыту идеясын жүзеге асыру құралы, онда оқушылар күнделікті өмірдегі құбылыстарды жобалау негізінде орындайды. Оқушылар тәжірибелік міндеттерді жобалауды өзіндік шығармашылық негізінде мұғалімнің көмегімен жүзеге асырады. Бұл жобалық оқытуда оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін, шығармашылық белсенділік іс-әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді



