«Сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі»
Мақсаты:
1. Оқушылардың сәнді қолданбалы өнер саласында әр түрлі жұмыс
істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
2. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық
қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын
арттыру.
Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының
қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге
қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең
түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.
Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес,
білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы
ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-
бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік
сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие
міндеттерін шешеді.