Мақсаты: а/ оқушылардың тазалық, денсаулықтарын сақтау туралы ұғымдарын кеңейту
ә/ қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлықтарын тәрбиелеу
б/ оқушыларда жинақтылық, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру.
Түрі: топтық, ұжымдық
Көрнекілігі: слайдат, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер
БАРЫСЫ.
1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында « Жаны саудың- тәні сау» сайысына қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші:Армысыздар, Болашақтың бастауы
Балғын шақта балалар!
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе бірің еріңдер
Білімінді тексеріп,
Ойынға қатысып көріндер!
Сайысқа қатысушыларды шақырамыз 1 топ “ Шырым” тобы, 2 топ “ Денсаулық” тобы, 3 топ “ Сымбат” тобы