Степ аэробиканың пайда болу тарихы. Степ аэробика 80 –ші жылдары пайда болды. Оны алғаш рет Джин Миллер ойлап тапты.Джин тізесін жарақаттап алған соң ортопед- дәрігердің кеңесімен буынын қатайту үшін шағын жәшікке мініп түсіп жүреді. Сәтті сауығу оны қандай да биіктікке шығып түсу арқылы жасалатын жаттығу ойлап табуға итермелейді. Осылай степ аэробика деп аталатын жаңа спорттық бағыт пайда болады. Ол әлем бойынша жылдам тарап кетеді. Степ аэробика әдетте комбинациялық байланыстарға біріктірілген базалық қадамдар жинағынан тұрады. Қадамдар мен байланыстардың күрделі деңгейі нақты сабаққа байланысты. Жаттығуға арнайы беті таймайтын пластикалықплатформа қолданылады. Степ платформаның биіктігін реттеуге болады. Сондықтан жаттығу күрделігін арттыруға немесетөмендетуге болады.
Степ аэробика – денсаулық кепілі
Полная версия материала