Сыныбы: 6
Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Мақсаты: Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық түсінік беру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру. Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа баулу.
Күтілетіннәтиже: - Тақырыптың негізгі идеясын таныту - Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, пікір айту дағдыларын жетілдіру, топтық жұмыс арқылы оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау. -Тақырыпты талдау арқылы сыни ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасау білу қабілеттерін жетілдіру
Көрнекіліктер: АКТ, маркер, стикер, карта, тест
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сабаққа назар аударту
Берілген смайликтер арқылы 4 топқа топтасып, смайликтегі көңіл-күйді көрсету
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу: Топтың атын таңдау
1 - топ: « »
2 - топ: « » 3 - топ: « » 4 -топ: « » «Жұлдызды сағат ойыны»
Оқушылар алдарындағы алтын сандықтың ішіндегі сұрақтарды алып, сол жерде жауап беру.
1. Сақтар б.з.б қай кезеңде өмір сүрді ?
2. Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан ?
4. Геродот сақтарды қалай атады?
5. Сақтар мекендеген аймақтары ?
6. Грек тарихшылары сақтарды қалай деп сипаттады?
7. «Ратайштар» деген кімдер?
6. Сақтарды аса жоғары құрметтеп, әлемдегі ең әділ ең шыншыл халық деп атаған кімдер?
7.Сақтар туралы деректерді жазған кімдер?
8. Грек авторы Ктесий сақ әйелдері туралы қалай деп баяндайды?
9. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында?
10. Сақтардың батыстағы көршілес жатқан тайпалары кімдер?
11. Сақ патшайымынан кімдерді білесіз?
12. Тарих атасы?
13. Сақ малшыларының арасында «сегіз аяқтылар » дегендер кездесті. Олар кімдер?
14. Сақтар қандай баспанада тұрды?
15.Сақ қоғамы неше топтан тұрды және олардың киімдері қандай түсте болды?
Дұрыс жауап берген оқушыларды марапаттап, смайликтер тарату.
(4-топқа 4 түрлі тапсырмалар беру) 1-топ. Сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыр (Томирис, сақ жауынгерлерінің суреті) 2-топ.Сақтар тұрмысында қазіргі біздің өмірімізге тән қандай ұқсастықтар, айырмашылықтар бар. 3-топ. Сақтар шаруашылықтың қай түрімен айналысқан? Олардан қандай өнім алған? 4-топ. Діни-наным сенімдері, бүгінгі күнмен салыстыру
Жаңа сабақ: «Қар үйіндісі» әдісі бойынша тақырыпты топпен талдау, бір-біріне сұрақ жолдайды. 1-топ. Кир әскерінің басып кіруі 2-топ. Шырақтың ерлігі. 3-топ. Александр Македонский сақ еліне жорығы 4-топ: Томирис пен Кирдың шайқасы туралы
Театрландырылған көрініс. 1,2-топ. Айнала қоршаған парсы жауынгерлері, ортада әдемі киінген Кир патша. Ол былай деп сөз бастады:-Сақ патшасы Томирис – біз үшін өте қауіпті жау. Сондықтан жауды ашық айқаста күшпен алудан гөрі айламен қолға түсіру тиімді. Менің жоспарым мынадай. Жан-жақты дауыстар: -Айтыңыз, тыңдап отырмыз. - Біз сізді ұятқа қалдырмаймыз. Кир патша орнынан тұрып, әрлі –берлі жүріп, қолындағы әдемі аса таяғын жоғары көтеріп, былай дейді: -Дариядан өтіп, жаудың шегінген жерін едейін баса-көктеп барайық та мынадай айла жасайық. Өз қосымызда көп қой сояйық та, мол етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе, шарап жағы мол болсын.Осының бәрін әзірлеп болған соң, орнымызға біраз ғана жауынгерді қалдырып, өзгеміз тығылып отырамыз дейді.Менің ойымша, жау қалған аз қолды жеңгеннен кейін, тау болып үйіліп тұрған тамақты аттап кете алмайды, жабылып тарпа бас салады.Тамаққа кеңеліп, шаррапқа мас болған жауға одан әрі не істеу керек деп ойлайсыңдар, менің жауынгерлерім? - Жауды жатқан жерінде құрту керек! - Дұрыс,дұрыс - Өте қонымды -Жауды жайратамыз деді!- деді жауынгерлер жарыса Жүргізуші: Міне, балалар, жеңіс желіктірген сақ жауынгерлері жанында жау бар екенін естен шығарып, пісіп, жеушісін күтіп тұрған тамақты тоя жеп, шарап ішіп, алаңсыз ұйқыға кетеді. Осыны күткен парсылар сақтарды шетінен қырып,біразын тұтқынға алады. Осы тұтқынға алынғандардың ішінде Томиристің де сүйіктә, жалғыз ұлы Спаргапис те болды.Тұтқынға түскен Спаргапис мастығынан айығып, қандай күйге ұшырағанын сезген соң, қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін-өзі өлтіреді.
Сақтардан келген хат
- «Кир патша сақтарды ашық айқаста күшпен алудан гөрі айламен әлсірету жағының тиімді екенін ескерді»дегенді қалай түсінесіз?
- Томиристың ұлы Спаргапис бастаған сақ әскерінің парсылардан жеңілуінің негізгі себептері неде деп ойлайсыңдар?
- Спаргапис неге бұндай әрекетке барды?
- Осы көріністен кейін сендер қандай қорытынды жасайсыздар?
- Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Томирис Кирге жаушы арқылы жолдаған хатында не айтты?
- Бұл көріністің тәрбиелік мәні барма? (Отан қорғау өте жауапты, ешқашан жауыңа женбе, адамдар шарап ішуден аулақ болуылары керек, басшы адам жан-жақты бәрін ойлауы керек)
2-көрініс: 3,4 – топ. Б.з.б. 518ж парсы патшасы І Дарий қалың қолымен сақтарға аттанды. Жауды жайратуға тиісті жауынгерлерінің алдаудың құрбаны болды деген естіген сақтар І Дарийден де асқан құлық жасады. Оқиға былай болды. Сақ басшыларының кеңесі. Жиналғандар шешімді ештеңе айта алмай, тұйыққа тірелгендей болды. Осы кеңеске әлдеқалай Шырақ деген жылқышы жігіт қатысады. Бір кезде үлкендерден рұқсат сұрап, ол былай деді: Адамдарымызды қан майданда күші асқандығынан емес, аярлық алдаумен қырғынға ұшыратқан парсыларға біз де өз қаруын өзіне жұмсап, айламен қырып салайық Жүргізуші: Жас жігіттің батыл шешімін кеңес алқасы құптайды. Ол өз денесін өзі аяусыз жаралап, көрген адамның зәресін ұшырып, аяушылық сезімін туғызатындай кейіпке еніп, күншілік жерден Дарийдың алдынан шығады. Елсіз құла түзде сүрініп-қабынып келе жатқан Шырақты дереу Дарииге жеткізеді. Ортадағы биік орындықтың үстінде отырған Дарий: - ЕЙ, бейтаныс жолаушы, кімсің? Қайдан келе жатырсың? Мынадай күйге қалай түстің? Жүргізуші: Шырақ алдын ала құрылған жоспар бойынша қиналып, ахылап, ухылдап, былай дейді: Уа, құрметті парсы патшасы! Менің атым- Шырақ , түпкі ата-тегім – парсы. Құдіретті парсы патшасы І Дарий бастаған парсылар келе жатыр дегенді естіп, тұтқындықтан қашып құтылып, сіздерге қол ұшын берейін деп, тұтқынға азапқа түсіп, осындай күйге ұшырадым. Бірақ орайын тауып, сақтардан қашып, осы араға әзер жеттім. Енді өлсем де арманым-жоқ –деп еңкілдеп жылап, жер құшып жата кетеді. ІДарий патша : Тұр орныңнан! Шын ата-тегің парсы болса, көрсет көмегіңді! Қандай көмегің бар? Шырақ: Өліп кетсемде , жанымды аямаймын. Жылқы бағып жүріп бұл өңірдің ой-шұқырын түгел біліп алдым. Жүргізуші: Шырақтың сөзіне басы І Дарии болып бәрі сенеді. -Дарий: Ал, білсең айт, дәл қазір сақтар қай жерде жүргенін. Шырақ: мен қашатын түні сақтар бүкіл әскерін алысқа басқа жерге әкетуді ұйғарды.Мен ол жерді жақсы білемін. Егер төте жолмен барсақ. Ол жерге сақтардан бұрын жетеміз. Сөйтіп тасадан шығып, тарпа бас салып, жауды жайратамыз. Ол үшін жолға жетерлік 7 күндік ас-су алып, жедел жүріп кету керек. Жүргізуші: Жақсы кутіммен тез айыққан , өз есебі өзінде ер Шырақ парсыларды қу медиен шөл далаға алып келеді. Жауға тиіспек түгілі, өздерінің аман қалатынына да сенімнен айырылған ІДарий қатты ашуланып,Шырақты шақыртады.
- І Дарийдың қолбасшысы: Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құс, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыраттың? Енді бізге алға да, артқа да жол жоққой деп айқайлайды.
- Шырақ: Жеңіс!Жеңіске жетті деген осы! (даусынан шаттық, мақтаныш лебі сезінеді) Отандастарымыздың басына төнген қасіретті кері серпіп, сендерді шөл мен аштыққа әкеліп, қамадым. Енді қайда барсаңдарда табатыңдарын – ажал!
- І Дарий (айқайлап) Жоғалт көзін, өлтіріңдер! Тезірек өлім, тек өлім!
- Шырақ: Елім үшін өлсем арманым жоқ! Мені елім қанша жыл, неше ғасыр өтсе де ұмытпайды!
- Томирис патшайым парсы патшасы Кирді қалай жазалады, неге?
- Шырақтың өз өмірін қиып, осындай ерлікке барғанын қалай түсінесіз?
- Шырақтың орнында болсаңыз сіз осындай әрекетке барар ма едіңіз?
- Бұл көріністің қандай тәрбиелік мәні бар? (елін шын сүю, тәуелсіздігін қорғап қалу) Үй тасырмасын беру Жұлдызшалар арқылы бағалау