Қазіргі кездегі білім мен тәрбие берудегі негізгі мақсат – жан - жақты
білімді, өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік дағдысын қолдана алатын,
іскер, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім
беруді жаңарту ұстаздың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап
айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін дамыту болып
табылады. Ұстаз тарапынан оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау,
құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін
тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру
маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.
Сабақ–мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде
өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты.
Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласы шет қала
алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
қарастырылып, енгізілуде. Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын
мақсатміндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты
дамытуға бағытталған.
Биология пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына сай сабақты тиімді жоспарлау
Полная версия материала