Ф.Оңғарсынова поэзиясы – сиқыры мен сыры мол, оты мен мұзы, жалыны мен сызы қатар өрілген поэзия. Ол Мұқағалидың “Шеңберді үзу керек” деген қағидасын берік ұстап, үрдістер үдесінен шыға білді. Тосындылық пен сонылықты, өзіндік өрнек, тың стиль тапты. Ф.Оңғарсынованың ақындық стилі оның поэзиясының өмірмен өктем араласуынан, шындықпен бетпе-бет келіп тілдесуінен, ойындағысын жасырмай, бүкпесіз еркін айтуынан туады.
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Полная версия материала