Бағдарламаның мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілін меңгеруде, тілдік сөйлеу қабілетін дамыту, тілдік механизмдерін, қатынастық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру.
2. Балаларда тілдік қабілетінің дамуы.
3. Ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамыту.
4. Ағылшын тілінде өзара қарым-қатынасқа түсіп, өзара сөйлесе білу.
5. Бағдарламада қарастырылған тілдік материалдар негізінде ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту.
6. Ағылшын тілінде тілге тиімді, қиын емес текст мазмұндарын айта білу.
7. Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту.
8. Балалардың ойлау қабілеттерін кеңейту.
9. Заттар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету.