Мамандық – біліктілік: 1013000 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика»
Мұғалімнің аты, тегі: Еділбаева Гүлнар Қуандыққызы
Пән: Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары.
Сабақ мақсаты: Мақсаты: "Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбы бойынша түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: "Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбы бойынша студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау;
Дамытушылық: ауызекі тіл мәдениетін, сөйлеу, есте сақтау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: өз Отанына деген патриотизм сезімдерін ояту, қазақ халқының мұрасын құрметтеуге, пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелері: Мәтін негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтіннің негізгі аспектілерін анықтай алады, негізгі ақпаратты талқылап, диалогке қатысады, мәліметті салыстыра алады