Тақырып
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру
Санның стандарт түрі
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаты:
7.2.1.1 санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану
7.1.2.5 алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану
7.4.2.1 өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару
7.1.2.10 шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу
7.1.2.7 стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы:
Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, санды өрнектердің мәндерін табады
Алгебралық өрнектерді ықшамдау барысында дәреже қасиеттерін қолданады
Стандарт түрде жазылған сандарды қолданып есепті шығарады. Стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут