Бүгінгі таңда туризм адамдардың өміріндегі басты компоненттердің бірі. Жалпы туризм дегеніміз – ол адамдардың өздерінің тұрақты, үйреніп қалған жерінен, демалу, сауығу, емделу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша баруы. Мәдени-танымдық туризм – бұл барған елдің халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, құндылықтарымен таныстыру, рухани таным, мәдени ой-өрісін кеңейту мақсатындағы саяхат. Әлемдік жаһанданудың әсерінен туризм халықаралық сипатқа ие болды. Қазіргі таңда тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне байланысты көптеген туристік бағыттар пайда болды. Солардың ішіндегі ең белгілісі, ең жақсы дамып келе жатқаны – «Ұлы Жібек жолы бағыты», оған көптеген мұражайлар, ескерткіштер кіреді. Бұл жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени-танымдық туризмнің талдауы, оның басымдық белгілері, даму әлеуеті, қазіргі жағдайы берілген.
Оңтүстік қазақстан облысындағы мәдени-тарихи мұра ескерткіштерін танымдық туризмде пайдалану
Полная версия материала