Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына
есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Төртбұрыштардың аудандары»
тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау,бекіту.Аудандарға
берілген есептерді шығару ептіліктерін арттыру.
Дамытушылық:Есеп шығару барысында ережелерді, формулаларды
дұрыс пайдалана отырып есте сақтау,логикалық ойлау және талдай
білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын қорытып,математикалық тілде дұрыс жеткізе
білуге,ұқыптылыққа,нақтылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта,сабаққа қолдану үшін әзірленген
слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: білімдерін жүйелеп,жалпылау сабағы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.сабақтың мақсатымен, жоспарымен
таныстыру.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
ІІІ.Слайдтар арқылы формулаларды қайталау.
ІVАудандар тақырыбына есептер шығару
Үлестірме қағаздар бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.(өзіндік
жұмыс)
№1.(ауызша есепте) Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы
32 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
№ 2 (ауызша есепте ) Қабырғасы 16 см , ал бұрыштарының біреуі 300
болатын ромбтың ауданын табыңдар,