Менің ұстазым
Менің ұстазымның аты Жандилова Уміт. Мен ұстазымды құрметтеймін. Айтқанын тыңдап, сабағымды жақсы оқимын. Ұстазым өнегелі әңгімелер айтып, білім беруден жалықпайды. Біз былтырдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып жатырмыз.Апай бізге түрлі әдіс – тәсілдер үйретіп, үш тілді меңгертуді үйреніп алуға бар күшін салып жұмыс істеуде.Ұстаздың тілегі- шәкірттері барлығын біліп, үйренсе екен деп армандайды ғой. Мен ұстазымды екінші анамдай жақсы көремін. Өскенде апайым сияқты ұстаз боламын. Өйткені ұстаздық - ең құрметті мамандық. Ақын да , ғалым да әкім де ұстаздан білім алған. Мен сабағымды «беске» оқығаным, ұстазыма деген құрметім деп білемін. «Оқусыз-білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»- деген мақалды үнемі естен шығармаймын.