Менің отбасым
Мен бақытты баламын! Мен бақытты отбасында өсіп келемін! Біздіңотбасымызда қуанышты күндер көп болады. Әкем мен анам бізге қуанышты,көңілді күндерді көп ұйымдастырады. Біз қуансақ олар да қуанады.Менің отбасымда Әкем, Анам, апатайым, қарындасым және өзімменбес адам тұрамыз. Әкем құтқарушы болып жұмыс жасайды, ал анамкітапхана қызметкері. Апатайым 3 сыныпта оқиды. Кішкентай қарындасымКәусар 2 жаста. Мен әкемнің көмекшісімін. Отбасымызбен демалысқа,серуенге шыққан кезде әкеме көмектесемін. Анам екі қызымен дәмдітағамдар пісіреді. Отбасымызбен табиғат аясында қыдыру біз үшін ең жиідемалыс түрі.Анам ылғи Сіздер ең керемет, ең ақылды, еңбекқор, мейірімдібаласыздар деп айтады. Бізге анамыздың бұл мақтаулары ұнайды. Біздіңотбасымызда үлкендерге «Сіз» деп сөйлейміз. Үйге қонақтар келгенде бұлсөзімізге таңданады және қызығады. Бұлай сөйлеуге бізді әкеміз үйреткен.Анам көп кітаптар оқиды. Бізді де кітап оқуға үйретіп келеді. Әр кешсайын 30 минут кітап оқумен айналысамыз. «Кітап білім бұлағы» деп әкеммен анам жиі айтады.Біздің отбасы мүшелері кеш сайын жұмыстан, сабақтан үйімізгеасығып келеміз. Біз міндетті түрде бір-бірімізді құшақтап, «қош келдің» депқарсылаймыз. Мен отбасымды өте қатты жақсы көремін. Оларды ренжітімкелмейді.