Менің отбасым 4 адамнан тұрады: әкем, қарындасым, інім және мен. Мен 7 жасқа келген шағымда анам дүниеден озды. Содан бері жалғыз әкем отбасының бар тұрмыс-тіршілігімен айналысып келеді. Қазір менің жасым 16-да. Мен жол саласының мамандығының саласы бойынша білім алудамын.
Мен – әкемнің тұңғыш ұлымын. Әр бала үшін өз әкесінің орны ерекше. Өйткені мен үшін әкем әрдайым бізге және өзгелерге қол ұшын беруге дайын тұрады және бізді сондай болуға үйретіп отырады. Мысалы, қарапайым салқын мезгілде сыртта жүрген жан-жануарларға жан ашарлық танытса, қиын-қыстауда көмекке зәру адамдарға қолғабыс етеді. Әсіресе өз отбасы үшін, яғни біздің болашақта ел қатарлы тәрбиелі азамат болып шығу жолында күндіз-түні аянбай тер төгуден тайынбайды. Ол бізге үй әкелген ризықтың, азық-түліктің қайдан қалай келетінін үнемі құлағымызға құйып отырады, ысырап етуге жол бермейді, бізден халі мүшкіл адамдарға қарап, шүкіршілік етуді үйретеді. Әсіресе дүкендерден көзге көрінгеннің бәрін ала беруге болмайтынын кішкентайымыздан түсіндіріп, денсаулығымызға қажетті әрі пайдалы заттарды алуға дағдыландырады. Әкеміздің айтқан ақылын үнемі жадымызда ұстауға тырысамыз.
Анам мәңіглік өмірге аттанғаннан бері әкем біздің қасымыздан бір елі аттаған емес. Себебі бізге әрі ана, әрі әке бола білді. Әрқашан бауыр еті –балаларының көңіліне қаяу түсірмей, мұңайтып ренжітпеу үшін құшақтап, иіскелеп еркелететін, барынша мейірімін төгуге тырысатын. Қазірдің өзінде үлкейіп, бой жетсек те, әлі еркелетеді. Алайда жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, жаман адамдардан сақтанып жүруге, қайратты болуға ақыл-кеңес береді. Ауырып қалған жағдайда, өзін қоярға жер таба алмай, бар жұмысын тастап, тек жазылғанымызды тілеп отырады. Сондықтан да мен оны өте жақсы көреміз.
Ал өзім болсам әрқашан да өзімнен кейін ілескен бауырларыма қорған болып, оларға көмектесемін. Еліміздің бір тал кірпші болып қалану үшін өз-өзімді қадағалап жүремін. Әкем мені сол үшін де мақтан тұтады. «Әке – асқар тау» деген нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаған. Бізге қорған болар асқар таудай әкемді үлгі тұтып, құрметтеймін.