Менің есімім –Алпамыс,бірінші сынып оқушысымын. Мен мектептен келгенде, алдымнан қуанып қарындасым Нұрай мен інім Абай қарсы шығады.Оларды мен еркелетемін.
Әкем Қайриден мен анашым Әсел менің мектептегі жетістіктеріме қуанады.
Ал атам мен әжем ше -олар да тәттілерін дайындап отырады. Тату-тәтті отбасымыз дастарқан басына жиналамыз. Атам мен әжемнің ақылын тыңдап отырамыз.
Менің әкем өте мейірімді адам,бірақ кей кезде қатал болады.Әкемді мен өте жақсы көремін. Себебі –әкем отбасының басшысы. Отбасымыздың асыраушысы. Қандай жұмыс болса да,әкем қорықпай орындай алады.Мен әкемді үлгі тұтамын. Әкемнің қасында жүргенде,ерекше сезімде боламын.
Ал сүйікті анам туралы да айтарым аз емес.Мені әркез қолдайды,ақылын айтады.Анамнан ештеңе жасырмаймын.Сүйікті анамның дайындаған тамақтары ше –ең дәмді ас. Отбасымызда өтетін той, мерекелерде анамның тәтті тағамдарын бәрі мақтайды.
Анама көмектесіп,бауырларыммен ойнаймын.Ол- менің міндетім.
Мен өз отбасымды жақсы көремін.Менің әкем мен анам бізді ерекше жақсы көреді.Мен бәріне мықты денсаулық тілеймін.