Ата-ана асқар тау алдымдағы,
Әрқашан асқақтайсын алдымда әлі.
Өзін берген өнеге, тәрбиенмен,
Бақыттымын жанұя бауырында мен – деп өлең жолдарында жырланғандай, менің де өзімнің бақытты отбасым бар. Менің отбасымның екі тірегі бар. Бірі – асқар тау әкем, екіншісі – аяулы анам. Ал, кішкентай қарындасым Інжу екеуміз сол үйдің базары, байлығы, ажарымыз. Әкем мен анам біздің тәрбиемізге, білімімізге көп көңіл бөледі. Өздері бізге үлгі болып, балаларының болашағы жарқын болуы үшін барын береді.
Отбасы – бақыт мекені деген сөз жүрекке жылы естіледі. Әкем мен анам кешкі мезгілде жұмыстан қанша шаршап келсе де бізге білдірмейді. Анам үйге кіре сала, «Қарындарың ашқан жоқ па, құлындарым?»,- деп мандайымыздан бір иіскеп, қазанына жүгіреді. Әкем болса, ас дайын болғанша бізбен ойнап, құшақтап, қытықтап, сүйіп,бізге бар мейірімін төгеді. Үстел басында барлығымыз қызықты әңгімемізбен бөлісіп, мәз-мейрам боламыз. Демалыс күндері барлығымыз бірге серуендегенді, комедия жанрындағы киноны бірге көргенді ұнатамыз. Мен өз ата-анамнан үлгі аламын, оларды мақтан тұтамын. Оларға әрқашан қамқоршы, ал қарындасыма қорған боламын. Жанұямдағы жандардын бақытты болуына өз үлесімді қосамын.
Өз отбасы мүшелерінің жүзінен қуаныш, күлкіні көру, оны бақыт мекеніне айналдыру мен үшін тек мен үшін емес, барлық адамдар үшін бақыт деп санаймын. Әр балаға ата-ананын ықпалымен сүйіспеншілік, мейірімділік, адамгершілік, кішпейілділік қасиеттері қалыптасады. Осы қасиеттерді менің бойыма әкем мен анам сіңіруде. Біздің отбасының татулығын сақтап, бақыт мекеніне айналдырып отырған ата-анама шексіз ризамын. Әкемнің еңбегін, анамның ақ сүтін ақтауға тырысамын. Әр отбасы бақытты болса екен, еш қиындық көрмесе екен деп тілеймін.