Менің отбасым 4 адамнан құралған. Олар – анам, әкем, інім және мен. Менің анамның аты - Макишева Гульжанат Советовна. Әкемнің аты – Макишев Азат. Інім - Макишев Азим 1-сыныпта оқиды. Менің отбасым өнерлі, сахнада би билеп, ән айтқанды ұнатамыз. Інім Азим де өнерден құралақан емес. Қолымыз бос уақытта қолөнер бұйымдарын жасаймыз. Анам екеуміз қол сүртетін салфеткалардан «Лотос» гүлін жасап, конкурста жеңімпаз атандық. Менің анам дәмді тамақ түрлерін пісіре алады. Әртүрлі пайдалы салаттар жасайды. Демалыс күндері отбасымызға мерекелік үстел дайындайды. Біз отбасымызбен үлкен қалаларды аралағанды жақсы көреміз. Биыл жазда Астана қаласына ЭКСПО –ға бардық. Түрлі елдердің павильондарын араладық. Маған ең қатты ұнағаны Қазақстанның ұлттық павильоны. Мен онда ертегідегі самұрық құстың жұмыртқасы бейнеленген көріністі тамашаладым. Ғарыш энергиясы деген қабатқа көтеріліп, шынымен айға барып келгендей әсер алдым. Ең кереметі Димаш Құдайбергеновтің концертін көрдім. ЭКСПО-ның тамашаларын айтып тауыса алмайсың. Осындай қызық оқиғаларды көрсеткен ата-анама алғыс айтамын.
Жексенбі күндері ата-анамызбен ойын түрлері бар сауда орталықтарына барғанды ұнатамыз. Ал жазда көлге шомыламыз. Мен әдемі жерлерді аралағанды жақсы көремін. Әжем Пайзова Қарлығаш Сейткалиевна өзінің жұмысындағы кітапханадағы бай кітаптар арқылы мені жан-жақты етіп өсірді. Мен өз отбасымды, ата-әжемді жақсы көремін.