Менің отбасым 4 адамнан құралған. Олар - әкем, анам, әпкем және мен. Менің анамның аты - Аманжолова Жанна Кабдуалиевна. Әкемнің аты - Аманжолов Серик Тишпаевич. Әпкемнің аты - Аманжолова Роза. Розаның жасы 19-да, Қостанай қаласында университетте оқиды. Біз отбасымызбен таза ауада демалғанды жақсы көреміз. Бассейнге барып, суда жүзгенді ұнатамыз. Жексенбі күндері ойын алаңдары бар сауда орталықтарына барғанды жақсы көреміз.
Менің атам - Аманжолов Тишпай, Ұлы отан соғысына қатысқан жауынгер-батыр. 9 мамыр күні Жеңіс алаңына атамның портретін ұстап шықтым. Мен - майдангердің ұрпағымын. Мен атамды мақтан етемін.