Менің отбасым үлкен. Менің отбасымда тоғыз адам бар. Анам Хасия, әкем Баят, асқар тау ағаларым Ергенбай, Мергенбай, Елімай, Кенжебай жанашыр әпкелерім Жайнар, Айнар және үйдің кенжесі мен.
Осы әлемдегі әр бала өзінің отбасын жақсы көреді. Мен де өз отбасымды жақсы көремін. Олар өте мейірімді жандар. Мен отбасымсыз өмір сүре алмаймын. Әр бала алысқа кеткенде отбасын сағынады. Менің жанұям өте бақытты.