Инновациялар адам қызметінің әр түрлі салаларына енгізіледі, бұл адамдарды жаңа жетістіктерге жетелейді, білімдерін, біліктері мен дағдыларын жетілдіреді және байланысты экономикалық секторларда жаңа әрекеттерді дамытады. Білім беру жүйесі қоғамға өнімділіктің өсуіне, жұмысшылардың жаңа түрлеріне және адамдардың қажеттіліктеріне бағытталған цифрлық дәуірге қауіпсіз өтуге мүмкіндік беруі керек. Білім беруді цифрландыру жаңа деңгейге өтуге негіз жасады.
Мақаланың мақсаты: білім берудегі ақпараттандыру мен цифрландырудың маңыздылығын және қажеттілігін зерттеу және талдау.
Мақаланың әдісі: берілген тақырып бойынша ақпараттарды синтездеу және талдау.
Мақаланың нәтижесі: білім берудегі ақпараттандыру мен цифрландырудың маңыздылығы талданып, дәлеллденді. Сонымен қатар, білім берудегі цифрландырудың түрлері қарастырылды.
Мақаланың қорытындысы: Мақаланы қорытындылай келе, ақпараттандыру мен цифрландыру білім берудің сапасын арттыру бойынша және заман талабына сай дамуына қажетті ресурстар.
Кілт сөздер: цифрлық технологиялар; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; электрондық оқыту; онлайн-курстар; ақпараттық мәдениет; білім беруді ақпараттандыру; ақпараттық білім беру ортасы.