Мақала теориясы - еліміздің және шетелдік авторлардың жалпыға бірдей декларациялау жайлы жазылған арнайы кітаптар, оқулықтар, ғылыми еңбектері мақаланың негізгі бөлігінде қолданылады. Сонымен қатар, мақала жазу барысында пайдаланылған ғылыми таным, индукция мен дедукция, салыстыру, топтастыру, талдаудың сандық, статистикалық әдістері әдіснамалық негізін құрған болатын.
Зерттеу барысында мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық санының еселеп артуы мен бюджетке түсетін салық мөлшері шығындарды толық ақтай алмайтындығы мақала барысында көрсетіледі.
Түйін сөздер: Жалпыға бірдей декларациялау, салықтық түсімдер, сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика.
Тақырыптың өзектілігі. «Жалпыға бірдей декларациялау концепция» тақырыбы бойынша статистикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеу объектісінің қызметін бағалау бойынша аналитикалық есеп жазу. Себебі, мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.