Денсаулық – баға жетпес асыл қазына. Денсаулығы жақсы болу үшін –
күш, жігер, еңбекті еш уақытта аямау керек. Дені сау бала- қоғамымыздың ең
басты жемісі және қазынасы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
жолдауларында азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын
қалыптастыру тәуелсіздіктің кілтін ұстар жас ұрпақтың келешекке баратын
алтын сүрлеу деген. Қазақстанның болашағы балалар болғандықтан, бала
денсаулығын нығайту, еліміздің алға қойған үлкен мақсаттарының бірі және
бірегейі. Бұл мәселе қазіргі кезде қоғамның үлкен мәселесі болыпта табылады.
Жас баланы туған мезеттен бастап денсаулығына көп көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан бала денсаулығын сақтау, балабақша мен мектептің басты
міндеттерінің бірі. Оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдірудегі
мақсат оқушылар өмірін қорғау, қауіпсіз жағдайлар жасау, дені сау, елін жақсы
көретін патриот тұлға қалыптастыра отырып салауатты өмір дағдысына
тұрақты баулу болып табылады.
Жасөспірімдердің денсаулығы, біріншіден бала қоршаған ортамен
араласып, өз өмірін Отан, отбасы және қоғам үшін барынша пайдалы өткізуі
керек. Екіншіден салауатты өмір салтын сақтау мақсатында денсаулыққа
бағытталған іс-шаралардың жоспарлы түрде жүргізілуі болып табылады.
Мектеп жасындағы оқушының денсаулығын сақтаудағы басты
мақсатымыз:оқушының психологиялық, дене-қимыл әрекетінің мүмкіндіктері
мен жас ерекшеліктерін ескеріп, салауатты өмір салтын және жеке бас
тазалығын ұқтырып, түсіндіру.
Қазіргі таңда оқушы денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір
салтын ұйымдастырыу, әрі қалыптастыру – күн тәртібіне қойылған басты
мәселе.
Жас ұрпағымыздың денсаулығын сақтау және нығайту
Полная версия материала