Сабаққа негізделген оқу
мақсаты:
1. 5.2.1.1. Оқылым стратегияларын қолдану; жалпы мазмұнын
түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу;
2. ӘТН: 5.4.5.5. төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын,
қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру;
Сабақ мақсаттары: 1. Барлық оқушылар: мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын түсініп,
нақты ақпаратты табу;
2. Оқушылардың басым бөлігі: Оқылған мәтіні бойынша қарапайым
жоспар құру
3. Кейбір оқушылар: ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен
тұжырымдау
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері,
табыс критерийлері,
күтілетін нәтиже)
1. Оқу арқылы мазмұнын түсінеді
2. Нақты ақпаратты таба алады
3. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалау жолын біледі
Ойлау дағдылары: Білу, түсіну, қолдану
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: оқылым
Терминология:
Сөз тіркестері: Жеті қарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Шолпан,
Таңшолпан, Есекқырған, Сүмбіле, Үркер, Таразы, Сары жұлдыз, Босағалық
Құс жолы, Жамбас жұлдыз, Құйрықты жұлдыз, Қырықаяқ, Жарық жұлдыз,
Егіз жұлдыз, Ақпа жұлдыз, Қызыл жұлдыз, Арқар жұлдызы, Үш арқар жұлдызы,
Шілде жұлдыз, Мүйізді жұлдыз, Шүйде жұлдыз, Маңдай жұлдыз, Төбе жұлдыз
Құндылықтарды дарыту Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы:
Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар,оның беттерінде
ата - бабаларымыздың ұлы істері сақталған.
Пәнаралық байланыстар Физика және астраномия пәні
АКТ қолдану дағдылары интерактивті тақта, ютуб бейнеролик
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
Мәтінді біледі, жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпараты біледі