Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім
беру жүйесі тағайындалған.Қазақстан Республикасындағы үлкен
өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып
табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі
сөзсіз.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс
баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу
бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке
баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына
жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің
қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді
жұмыс түрінің бірі- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» атты
курсын ұсынымыз. Бұл бағдарлама сабақ барысында алынған біліммен
ұштасып, оны оқушы сыныптан тыс уақытта да шұғылдана алады. Бұл
үйірмеде жас ерекшелігіне сәйкес 8-10 жасар оқушыларды қамтиды. Жеке
тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін
айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен
байланыстырудың маңызы зор.
Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту)- оқушылардың ғылыми
қоғамын ұйымдастыру. Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба
жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай
алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып,
ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын
дәл табуға көмектеседі.
Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген
құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем
туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі
мінез. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана
емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының
өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.
Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің
көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі
өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, ойын мазмұны мен
оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр. Шығармашылық-
зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне
ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылықпен зерттеу ізденушілігінің өзінен
де ләззат алуға қабілетті.