Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу
біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар
жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын
табуға ерекше ықпал етеді.Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген
қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша
материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар
материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып,
сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген
қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл
әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы
қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру
қажет.
2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері
оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.
3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз
байланыстыру керек;
5 Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6 Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін
қолдану қажет.
Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс тәсілдері
Полная версия материала