Ұғасың жақсылықты, жамандықты,
Бұйыртқан соң Аллаһым адамдықты.
Жағынудан жалықпас жандар жиі,
Ермек қып сараңдықты, надандықты.
Боқтау сөз боқ ауыздан табылады.
Қайтсін надан сөзінен қабылады.
Сөз ұқпайтын сұмырай болғаннан соң,
Ашуға бой алдырып сабылады.
Кей бірі адамдардың ұқпас ақыл,
Ақылды айтсаң дағы көрмес мақұл.
Халықта жиі айтады ондайларға,
«Ақымақ бас- аяқ соры» деген нақыл.
Жағынғысы келеді жұртқа сырттан,
Сондайлар адалдықтың дəмін құртқан.
Өсектеп өзгелерді, көре алмайды,
Кем түскісі келмейді ешбір жұрттан.
Жақсылық пен жамандық
Полная версия материала