Темір VIІІ топтың қосымша топшасында орналасқан. Тотығу дәрежесі +2 және +3 болатын қосылыстар түзеді.
Темір атомының электрондық қабаты: Ғе+26 )2 )8 )14 )2
Электрондық формуласы: 1s22s22p63s23p63d64s2
Табиғатта таралуы:
Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі -5,1 %. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар. Сондықтан оны ертеде «аспан» және «жұлдыз» тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді.
Физикалық қасиеттері : Таза темір – күміс жылтыры бар ақ түсті пластикалық металл. Темір –ауыр металл, тығыздығы -7,87 г/см3, балқу температурасы- 15390С. Темірдің магниттік қасиеті басым. Таза ауада тұрақты.